Ұлттық банк TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарын айналымға шығарды

507

Монеталар реверсі дизайнының негізіне ежелде қолданылған ойын тақтасының дәстүрлі нысаны алынды.

Ұлттық банк TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарын айналымға шығарды

"Күмістен жасалған монеталарда TOĠYZQUMALAQ жазуы және соғылған жылдың сандық белгісі алтын жалатылған ойын шарлары түрінде жасалған. Монетада 162 шар бейнеленген. Ойында да осы сан пайдаланылады. Монета реверсінің ортасында ою-өрнек орналасқан. Бұдан бөлек, дайындалған металды, сынамасын және массаны білдіретін жазулар бар", – делінген Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарламасында.

Монеталардың аверсінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы ою-өрнек жолағымен көмкерілген. 

Елтаңбаның айналасында мемлекеттік тілде және ағылшын тілінде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY және REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазулары, ҚҰБ логотипі мен монеталардың номиналы белгіленген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу