Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге 129 ықпал ету шарасын қолданған

717

2018 жылғы бірінші жартыжылдықтағы айыппұлдардың сомасы – 40 047 882 теңге.

Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге  129 ықпал ету шарасын қолданған

ҚР Ұлттық банкі 2018 жылғы бірінші жартысында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде 160 шектеулі ықпал ету шарасын қолданды, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша және бұзушылықтар анықталған кезде, Ұлттық банкі қаржы ұйымдарына шектеулі ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады. Мысалы биылғы алғашқы 6 айда айыппұлдар салу және өндіріп алу түріндегі 47 санкция салыныпты; 113 шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде 102 жазбаша ұйғарым және 11 жазбаша ескерту жасалыпты.

Ал қаржы секторы бойынша екінші деңгейдегі банктерге  – 129 (42 айыппұл, 78 жазбаша ұйғарым, 9 жазбаша ескерту); микроқаржы ұйымдарына - 20 (5 айыппұл, 14 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту); сақтандыру компанияларына  – 4 жазбаша ескерту; коллекторлық агенттіктерге - 7 (6 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту) шара қаралыпты.

2018 жылғы бірінші жартыжылдықтағы айыппұлдардың сомасы – 40 047 882 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу