Ұлттық Банк валюта нарығында 176 млн долларға интервенциялар жүргізді

1517

Бас банк қаржылық тұрақтылық тәуекелдері күшейген жағдайда одан әрі валюталық интервенциялар жүргізу құқығын сақтайды.

Ұлттық Банк валюта нарығында 176 млн долларға интервенциялар жүргізді

Ұлттық Банк 21 ақпаннан 25 ақпанға дейін валюта нарығында жалпы сомасы 176 млн АҚШ долларына интервенциялар жүргізілгенін хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

"Ұлттық Банктің белсенді коммуникациялық саясаты, басқалармен қоса, валюта нарығындағы операциялар көлемін, сондай-ақ олардың себептерін үнемі жариялап отыруды да қамтиды. Қазіргі жағдайда жүргізіліп отырған саясаттың транспаренттілік деңгейі мен нарықтың сенімін сақтау үшін валюталық операциялардың жедел статистикасы жарияланды. Мәселен, 2022 жылғы 25 ақпан, 12:00 сағатына аптаның басынан бері жүргізілген валюталық интервенция көлемі 176 млн АҚШ доллары, оның ішінде 24 ақпанда – 138 млн АҚШ доллары болды. Бұл сыртқы күтпеген өзгерістің Қазақстан нарығына ауысуын реттеуге мүмкіндік береді", – деп хабарлады Ұлттық Банктің баспасөз қызметі. 

Ұлттық Банк қаржылық тұрақтылық тәуекелдері күшейген жағдайда одан әрі валюталық интервенциялар жүргізу құқығын сақтайды. 

"Осы құралды қолдана отырып, Ұлттық Банк бейтараптық қағидатын басшылыққа алады және нарықтық баға белгілеуге кедергі келтірмейді. Айырбастау бағамының қандай да бір деңгейі таргеттелмейді. Теңгенің икемді бағамы сыртқы сектордың тәуекелдері іске асырылуы аясында маңыздылығы өскен алтынвалюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ақша-кредит саясаты жөніндегі бұдан былайғы шешімдер геосаяси жағдайдың дамуына және қаржы нарықтарының ықпалына байланысты болады", – деп жазылған хабарламада. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу