Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізуі мүмкін

993

Ұлттық банк Қазақстанның қаржы нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауға дайын.  

Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізуі мүмкін

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Энергия тасымалдаушылардың әлемдік нарығында баға қақтығысы короновирустың таралуынан қысымға ұшыраған әлемдік экономика перспективаларын күрделендіре түсуде. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы егер теріс әсер ұзаққа созылса, 2020 жылы әлемдік ЖІӨ-нің өсу қарқындарының 1,5 пайызға дейін төмендейтінін болжап отыр. Осындай жағдайда қазақстандық экспортқа сұраныстың төмендеу тәуекелі артады. Бұл шикізат тауарларына әлемдік бағалардың құлдырауы аясында 2019 жылы 5,5 млрд АҚШ доллары тапшылығымен қалыптасқан төлем балансының ағымдағы шотының 2020 жылы одан әрі нашарлауына алып келеді", - деді ҰБ төрағасы.

Оның атап өтуінше, 9 наурызда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банкінің мұнайдың әлемдік нарығындағы жағдай және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы бірлескен үндеуі жасалды.

"Сыртқы сектор тарапынан өскен тәуекелдер аясында баға тұрақтылығын қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ теңгенің айырбастау бағамын қорғау қажет. Сондықтан Ұлттық банк өз мандаты аясында кезектен тыс отырыста осы жылғы 10 наурыздан бастап базалық ставканы және проценттік дәлізді +/- 1,5 п.т. жылдық 12 пайызға дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Базалық ставканы арттыру макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтауға жағдай жасайды және сыртқы сектордың ішкі бағаларға және долларизацияның теріс әсерінің алдын алады", - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар ол Ұлттық банк теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін ұстанатынын растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу