2026 жылғы 31 наурызда Ұлттық банк басқармасының қаулысымен валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша бірқатар өзгерістер енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жаңа талаптарға сәйкес:
- валюталық бақылау күшейтілді – енді банктер барлық операцияларды мұқият тексеріп, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті органдарға хабарлайды;
- шекті сомалар белгіленді: жеке тұлғалар үшін – 10 мың АҚШ долларынан, заңды тұлғалар үшін – 50 мың доллардан бастап;
- кейбір операциялар бойынша валюталық шарттың есептік нөмірін алу міндеттеледі;
- кәсіпкерлер валюта сатып алу мақсатын құжат жүзінде растауы тиіс;
- капиталды заңсыз әкету қаупі бар операцияларға (аударымдар, қарыздар, экономикалық негізі жоқ мәмілелер) бақылау күшейтіледі.
Сонымен қатар, жеке тұлғалар үшін бірқатар жеңілдіктер сақталған.
Атап айтқанда, 10 мың долларға дейінгі аударымдарды банкте шот ашпай-ақ жүзеге асыруға мүмкіндік бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу