Ұлттық банк зейнетақы активтері туралы мәлімдеме жасады

380

Зейнетақы активтерін басқару нәтижелері туралы мәліметтер ай сайын БЖЗҚ сайтында жарияланады.

Ұлттық банк зейнетақы активтері туралы мәлімдеме жасады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен "Эйр Астана" АҚ-ның жай акцияларын бастапқы орналастыруға (IPO) қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның аясында 2024 жылғы 14  ақпанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне 1 акция үшін 1 073,83 теңге бағамен 24,9 млрд теңгеге "Эйр Астана" АҚ-ның жай акциялары сатып алынды. "Эйр Астана" АҚ-ның сатып алынған жай акцияларының жалпы саны 23 168 975 дананы немесе шығарылған компания акцияларының жалпы санының 6,5%-ын құрады.

Қазақстанның жоғары сапалы эмитенттерінің жай акцияларын сатып алу БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін әртараптандыруға бағытталды және ұзақмерзімді перспективада оның кірісін арттыруға ықпал етеді.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін "Эйр Астана" АҚ-ның жай акцияларына инвестициялау туралы шешім тұрақты қаржылық көрсеткіштерге, сондай-ақ болашақта тұрақты дивидендтер төлеуге мүмкіндік беретін компания қызметінің жоғары рентабельділігіне негізделді. Осы инвестициялар іс жүзінде БЖЗҚ салымшыларына Орталық Азияның авиациялық нарығындағы көшбасшылардың біріне акционер болуға мүмкіндік береді.

Зейнетақы активтерін басқару нәтижелері туралы мәліметтер ай сайын БЖЗҚ сайтында жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу