Ұлттық банк жаңа алтын және күміс монеталарды айналымға шығарды

426

Монеталардың сатуға шығарылатын күніне қатысты ақпарат ҚҰБ ресми сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі парақшаларында қосымша орналастырылады. 

Ұлттық банк жаңа алтын және күміс монеталарды айналымға шығарды Фото: ҚҰБ

Қазақстан Ұлттық Банкі 8 қарашада "Көшпенділердің тотемдері" сериясынан KÓKBÓRI инвестициялық монеталарын айналымға шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инвестициялық монеталардың ребрендингі туралы:

Жаңа KÓKBÓRI инвестициялық монеталары – ALTYN BARYS және KÚMIS BARYS инвестициялық монеталарына ҚҰБ жүргізген ребрендингтің нәтижесі.

KÓKBÓRI дизайнында "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясындағы монеталардың стилистикасы қолданылған. Эксклюзивті дизайн KÓKBÓRI инвестициялық монеталарын тек инвестициялық тұрғыдан ғана емес, жинау және сыйға тарту үшін де тартымды ете алады.

Инвестициялық монеталар алғаш рет бірнеше нұсқада шығарылатын болды:

  • proof сапада алтыннан дайындалған номиналдар – 10, 20, 50, 100, 200 және 500 теңгелік (қорғаныш элементтері, лимитті таралым, кәдесый орамасы).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу