Ұлттық банк бүгіннен бастап жаңа үлгідегі 500 теңгені айналымға шығарады, деп хабарлайды inform.kz.
Жаңа үлгідегі номиналы 500 теңгелік бұл банкнот "Қазақ елінің" 6-шы сериясы. Банкноттың бет жағында Қазақ елі монументі мен көгершін бейнеленген. Ал сыртқы бетінде Каспий теңізі бейнеленіпті. Теңгедегі жазу кириллицамен жазылған. Себебі бұл үлгі 2015 жылы бекітілген екен. Ұлттық банк басшысы екі жыл бұрын бекітілген үлгінің енді айналымға шығуына қарап, бұл процестің ұзақ уақыт алатынын аңғаруға болады дейді.
Ескі үлгідегі 500 теңгеліктер 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін қолданыста жүреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу