Ұлттық банк жеке тұлғаны қашықтан сәйкестендіру жүйесін тестілік режимде іске қосты

1221

Қазіргі уақытта платформаға 11 банк қосылып, тестілеуден табысты өтуде. 

Ұлттық банк жеке тұлғаны қашықтан сәйкестендіру жүйесін тестілік режимде іске қосты

ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктердің қатысуымен жеке тұлғаны қашықтан сәйкестендіру жүйесін тестілік режимде іске қосты, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Тетікті енгізу клиенттерге офистен шықпай, банктердің бөлімшелеріне бармай және қағаздағы құжаттарға қол қоймай барынша талап етілетін қаржылық қызметтерді алуға, оның ішінде банк шотын, салымын ашуға, төлем карточкасын шығаруға және өзге де мәмілелерді жасауға мүмкіндік береді.

Бұл тетік шеңберінде қашықтан сәйкестендіруден өту үшін клиентке жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу және банкпен бейнеконференцбайланыс сеансынан өту жеткілікті. Клиентті сәйкестендіру оның биометриялық көрсеткіштері және клиенттің келісімі негізінде алынған "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.

"Жүйенің жұмыс істеу функционалын тексеру мақсатында Ұлттық банк банк клиенттерінің шектеулі саны шеңберінде сервисті пайдалану үшін барынша нақты жағдайларға жақындатылған тестілік платформаны әзірледі. Қазіргі уақытта платформаға 11 банк қосылып, тестілеуден табысты өтуде. Сонымен қатар бірқатар басқа банк қосылу сатысында", – делінген хабарламада.

Қазақстанда жеке тұлғаны қашықтан сәйкестендіру жобасын енгізу қозғалысы шектеулі азаматтар үшін де кедергілерді жояды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу