Ұлттық Банк желтоқсанда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ

Зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау мақсатында Ұлттық Банк желтоқсанда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алды. 

Ұлттық Банк желтоқсанда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ Фото: halyq-uni.kz

Оның жалпы сомасы 43,2 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінен шамамен 1,5%-ды құрады, деп жазады inbusiness.kz.

"Ұлттық Банк желтоқсанда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

Транспаренттілік қағидаты аясында Ұлттық Банк валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы толық ақпаратты үздіксіз жариялайды.

Қысқа мерзімді перспективада теңге динамикасы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктердің жинақталуына жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады", – деп хабарлады бас банктің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу