Ұлттық банк ЖИ-алаяқтарға алданып қалмауға шақырды

118

ҚР Ұлттық банкі азаматтарды жасанды интеллект (ЖИ) арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырып, қауіпсіздік шараларын ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық банк ЖИ-алаяқтарға алданып қалмауға шақырды Фото: Владислав Воднев

Соңғы уақытта алаяқтар ЖИ технологияларын пайдаланып, адамдарды алдап соғу тәсілдерін жиілетті.

Олар танымал тұлғалардың, туыстарыңыздың немесе достарыңыздың бейнесін, дауысын немесе жазбасын қолдан жасап, жалған видео, аудио не мәтіндер таратады.

Қалай қорғануға болады?

  • Егер досыңыздан, әріптесіңізден немесе туысыңыздан күмәнді хабарлама келсе — дереу қоңырау шалып, оның рас-өтірігін тексеріңіз.
  • Қос факторлы аутентификацияны қолданыңыз — бұл сіздің аккаунтыңызды қосымша қорғаумен қамтамасыз етеді.

Киберқауіпсіздіктің негізгі ережелері:

  • Бейтаныс сілтемелер мен күмәнді хабарламаларға сенбеңіз.
  • Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жеке мәліметтеріңізді жарияламаңыз.
  • Құрылғыларыңыздағы барлық қосымшалар мен бағдарламаларды уақытылы жаңартып отырыңыз.

Маңызды ескерту:

ҚР Ұлттық банкі жеке тұлғаларға шот ашпайды, ақша сақтандырмайды және халықпен тікелей қаржылық есеп айырысу жүргізбейді.

Ұлттық банк азаматтарды қырағы болуға және кез келген күмәнді ақпаратқа сын көзбен қарауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу