Жылдық инфляция 10 өңірде жеделдеді

1004

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің нақты сектордың мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтың 2022 жылғы қаңтардағы ҚР өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер туралы түсіндірмесі.

Жылдық инфляция 10 өңірде жеделдеді

2022 жылғы қаңтарда елде жылдық инфляция 8,5% болып (2021 жылғы желтоқсанда – 8,4%), жеделдеді. Өңірлер бойынша жылдық инфляция 10 өңірде жеделдеді, 5 өңірде баяулады, ал 2 өңірде өзгеріссіз қалды.

Ең көп жеделдеу Ақтөбе облысында (желтоқсандағы 8,7%-дан қаңтарда 9,2%-ға дейін) тіркелді, ал баяулау Маңғыстау облысында (9,2%-дан 8,7%-ға дейін) және Нұр-Сұлтан қаласында (8,8%-дан 8,3%-ға дейін) байқалды.

Қаңтарда азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны бір ай бұрынғы 9,9%-дық деңгейде сақталды. Осы топтың тауарлар бағасының ең жоғары өсімі Ақмола облысында қалыптасты (11,7%).

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі де өз мәнін 8,5%-дық деңгейде сақтады. Ең жоғары мәндер Ақмола және Ақтөбе облыстарында (10,2%-дан), ең төмен мән Маңғыстау облысында (7,1%) тіркелді.

Ақылы көрсетілетін қызметтің бағасы қаңтарда 6,8%-ға өсті (желтоқсанда - 6,5%), бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға біршама жоғары Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында (8,2%-дан), біршама төмен Ақмола облысында (5,3%) өсті.

Елде айлық инфляция 0,7%-ды құрады. Бұл соңғы 5 жылда қаңтардағы бағаның орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдары: 0,6%). Орташа тарихи нормасынан жоғары баға 2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласында (1,0%), Ақтөбе (0,9%), Қарағанды (0,9%) облыстарында, Шымкент қаласында (0,9%), Ақмола (0,8%), Батыс Қазақстан (0,7%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (0,6%) өсті.

Маңғыстау, Атырау, Павлодар және Қостанай облыстарында баға өсу қарқыны өзінің орташа тарихи нормасын сақтап қалды. Қалған өңірлерде бағаның айлық өсу қарқыны өзінің орташа нормасынан төмен қалыптасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу