Енді 2025 жылы инфляция 10,6% деңгейінде болады, бұған дейін – 8,7% деп болжанған еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ЖІӨ-ге қатысты болжам да төмендеді:
- 2025 жылы – 4,7% (бұрын 4,9%)
- 2027 жылы – 4,3% (бұрын 4,5%)
- 2026 жылғы болжам өзгеріссіз қалды – 4,5%.
Инфляцияны күту көрсеткіші өскеніне байланысты базалық мөлшерлемеге қатысты болжамдар да қайта қаралды.
Жаңартылған болжам жыл аяғына жасалды:
- 2025 – 15,9%
- 2026 – 14,3%
- 2027 – 11,5%
Болжам 16 аналитикалық ұйымның пікірлеріне негізделген. Олардың қатарында халықаралық институттар, рейтинг агенттіктері және зерттеу орталықтары бар.
Макроэкономикалық сауалнамаға Ұлттық Банк болжамдары кірмейтінін еске саламыз.
Ол қазақстандық және әлемдік нарықтардағы ахуалдың даму барысы жайында нарықтағы кәсіби қатысушылардың тәуелсіз пікірлеріне, бағалауларына және күтулеріне шолудан тұрады.
Ұлттық Банктің макроэкономикалық пiкiртерiмі мұнда.