Ұлттық банкке Ұлттық қордың активін көбейту міндеті жүктелді

650

Ұлттық қордан алынатын кепілдендірілген трансферт 2022 жылы берілетін 2,4 трлн теңгеден 2024 жылы 2 трлн теңгеге дейін қысқарады. Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ослай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Ұлттық банкке Ұлттық қордың активін көбейту міндеті жүктелді

"Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру, пайдалану тұжырымдамасына сәйкес, экономиканың құлдырауы кезеңінде дағдарысқа қарсы бағдарламаларды, әлеуметтік маңызы бар жобаларды, стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың балама көздері болмаған кезде оны қаржыландыру үшін Президенттің шешімі бойынша ғана Ұлттық қордан нысаналы трансферт бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық банкке Ұлттық қордың активтерін сақтау және көбейту қосымша міндеттелді. Жоғарыда айтылғандар негізінде 2022-2024 жылдарға арналған нысаналы трансферттердің көлемін Мемлекет басшысымен келісу қажет", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу