Ұлттық банкте кең ауқымды қысқартулар жүрмек

874

Ерболат Досаевтың ұжымы мыңнан астам адамға қысқаруы мүмкін.

Ұлттық банкте кең ауқымды қысқартулар жүрмек

Бұл "Қазақстанның ұлттық банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" президенттің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1271 жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" жаңа жарлық жобасында көзделген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қояды деп күтіліп отырған осы құжатта "Қазақстанның ұлттық банкінің орталық аппараты, филиалдарын, және өкілдіктерін қоса алғанда жалпы штат саны 2587 адам болып белгiленсiн" делінген.

Айта кету керек, бүгінде қаржылық реттеушінің қызметкерлерінің штаттық саны 3 мың 604 адамды құрайды.

Түзетулер авторларының түсіндіруінше, ұлттық банктің штатынан оның республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының штаттары шығарып тасталатын көрінеді.

Бұл жарлық Ұлттық банк туралы ережеге де өзгерістер енгізбек.

Атап айтқанда, құжаттың 23-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылады: "Ұлттық банк басқармасы Қазақстан президенті бекіткен ұлттық банк құрылымы негізінде ұлттық банктің орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің атаулары бар тізбесін, сондай-ақ ҰБ ұйымдарының атаулары және жалпы штат саны бар тізбесін бекітеді". Яғни, онда құрылымдық өзгерістер де жүруі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу