Бұл туралы Астанадағы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
Қазақстандықтар AppStore және PlayMarket дүкендерінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде "НБК Online" жаңа мобильді қосымшаны жүктей алады.
Жаңа интерфейс арқылы қолданушылар Ұлттық банкпен еш қиындықсыз байланыса алады: онлайн режимде сұрақтар қойып, KASE-дегі сауда-саттықтың нәтижесі, валюталардың бағамдары туралы соңғы ақпаратты, қаржы нарығы жөніндегі деректерді және ҚР Ұлттық Банкінің басқа жаңалықтарын алғашқылардың бірі болып білетін болады.
"НБК Online" қосымшасына күн сайын жаңартылатын жаңалықтар қамтылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу