Ұлттық банктің алтын-валюта активтері ұлғайды

554

Дегенмен, Ұлттық Банк халықаралық резервтерді әртараптандыру үшін алтын үлесін қысқарту жөніндегі саясатын іске асыруда.  

Ұлттық банктің алтын-валюта активтері ұлғайды Фото: elorda.info

Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың дерегінше қазанда Бас банктің алтын-валюта активтері 33 млрд долларға дейін шамамен 330 млн долларға ұлғайды.

Ұлттық банк алтын-валюта активтерінің ұлғаюына клиенттік қаражат пен Екінші деңгейлі банктер қаражатының Ұлттық Банктегі валюталық корреспонденттік шоттарға әкелінуі ықпал еткен.

Дегенмен, Ұлттық банктің мемлекеттік қарызды төлеуі және алтын бағасының унциясына 1673 доллардан 1639 долларға дейін төмендеуі алтын-валюта активтерінің ұлғаюымен ішінара реттелді.

"Алтын бағасының төмендеуі нарық ойыншыларының АҚШ ФРЖ-ның "күшейту" риторикасына әсерінен туындады. Бағалы металдар нарығындағы құбылмалылық, бұрынғысынша, айтарлықтай жоғары болып қалып отыр", дейді Әлия Молдабекова.

Ұлттық Банк халықаралық резервтерді әртараптандыру үшін алтын үлесін қысқарту бағытындағы саясатын іске асыруда осыған байланысты алтын тұрақты валюталарға сатылған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу