Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері 1,7%-ға азайды

Еліміздің жалпы халықаралық резервтері 94,3 млрд долларды құрады.

Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері 1,7%-ға азайды Фото: Ак Жайык

Бұл турплы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин Үкімет отырысында мәлім етті. 

"Жалпы халықаралық резервтер маусым айының соңында 94,3 млрд долларды құрады. Екінші деңгейдегі банктер қаражатының валюталық шоттардан Ұлттық Банкке әкетілуіне байланысты Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан бастап 
1,7%-ға немесе 34,5 млрд долларға дейін төмендеді. Ұлттық қордың активтері жыл басынан бастап әлемдік индекстердің өсуі салдарынан 7,4%-ға немесе 59,8 млрд долларға дейін ұлғайды", – деді ҰБ өкілі. 

Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2,1 трлн теңге сомасына трансферттер бөлу үшін жыл басынан бастап Ұлттық қордың 3,5 млрд  долларға валюталық активтері сатылды. 

Қорға жыл басынан бастап түскен жиынтық қаражат 2,6 трлн теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу