Ұлттық банктің алтынвалюта резерві 30 миллиард АҚШ долларын құрады

928

Данияр Ақышев қаржы нарығының негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді

Ұлттық банктің алтынвалюта резерві 30 миллиард АҚШ долларын құрады

Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері 2018 жылғы 9 айда алдын ала деректер бойынша 30 млрд АҚШ долларын құрады. Еліміздің халықаралық резервтері (Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда) 86,4 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл туралы телевизиялық БАҚ үшін брифинг барысында Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтып берді, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

 "Ақша нарығында көбінесе ноттар шығарудан алынатын артық өтімділік сақталуда. Ұлттық банктің өтімділікті таза алуы 12 қазанда 3 трлн теңгені құрады. Айналымдағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі 3,8 трлн теңге болды. Қазан айында ноттар бойынша кірістілік мерзімділігіне қарай 8,40%-8,45% мөлшерінде қалыптасты", - деді ҰБ басшысы. 
Данияр Ақышев журналистердің назарын ақша нарығының мөлшерлемесіне аударды.

"Ұлттық банк үшін таргеттелетін индикатор болып табылатын "TONIA индикаторы 2018 жылғы 12 қазандағы қорытынды бойынша 8,03% деңгейінде, яғни пайыздық дәліздің төменгі шегінде қалыптасты" - деп түсіндірді ол. 
"Ұлттық банк бұл индикатордың осылайша орын алуы дұрыс емес деп есептейді, себебі ол ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде мақсаттарға қол жеткізуді шектейді", - деді Данияр Ақышев.

"Сондықтан ақша нарығында біздің операцияларымыздың тиімділігін арттыру мақсатында біз TONIA таргеттелетін индикаторын базалық мөлшерлемемен жақындастыру қажет деп санаймыз. Аталған шара ақша нарығындағы мөлшерлемелердің болжамдылығын арттырады. Қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін біз әртүрлі мүмкіндіктерді, оның ішінде пайыздық дәліздің шекарасын тарылтуды зерделейміз" - деп сөзін қорытындылады Ұлттық банк басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу