Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері 1,4 пайызға өсті

659

Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері 1,4 пайызға өсті

Нарықта артық өтімділік сақталуда. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында телевизиялық БАҚ үшін брифингте сөйлеген сөзінде Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Ішкі қаржы нарығындағы ағымдағы ахуалға келер болсақ, 2018 жылғы 5 айда, алдын-ала деректер бойынша, Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері 1,4%-ға өсті. Елдің халықаралық резервтерінің жиынтығы 90,4 млрд АҚШ долларына жетті", - деп түсіндірді Данияр Ақышев.

Ол ақша нарығында артық өтімділік сақталуда, ол проинфляциялық қысымды шектеу мақсатында басым түрде ноттарды шығару арқылы алынады деп толықтырды.

"1 маусымдағы жағдай бойынша Ұлттық банктің өтімділікті таза алуы 3,3 трлн. теңгені құрады. Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі жыл басынан бері 26,3%-ға ұлғайып, 4,0 трлн теңге болды. Ноттар бойынша кірістілік мамырда мерзімділігіне қарай 8,26-8,44% аралығында қалыптасты", - деп түйіндеді Ақышев.

Сөзін қорытындылай келе, Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы тікелей РЕПО операциялары бойынша Ұлттық банктің ашық позицияларының көлемі 253 млрд теңге, кері РЕПО операциялары бойынша 186 млрд теңге, Ұлттық банктегі банктік депозиттер көлемі 301 млрд теңге болғанын айтты. TONIA мөлшерлемесі базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің төменгі шегіне жақын қалыптасуда. Ол 2018 жылғы 1 маусымның қорытындысы бойынша 8,25% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу