Ұлттық банктің ашық деректер тізбесі бекітілді

850

Ұлттық банктің ашық деректер тізбесі бекітілді

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Ұлттық банктің ашық деректер тізбесі бекітілді. Бұл туралы бас банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұлттық банк "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Ұлттық банк басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 246 қаулысының қабылданғаны туралы хабарлады. Қаулы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы 418-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекітеді.

Қаулыда Ұлттық банктің "Ашық деректер" порталында жарияланатын ақпаратын оңтайландыру мен өзектендіру көзделген. Атап айтқанда, Ұлттық банктің қызметіне қатысты көрсеткіштер қосылды, рұқсат беру құжаттарының тізбесі кеңейтілді және қаржы секторы бойынша көрсеткіштер қосылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу