"Алдағы жылы әлемнің көптеген орталық банктері сияқты Ұлттық Банктің де басты міндеті – инфляцияны тұрақтандыру. Оған қол жеткізу үшін 2030 жылға дейінгі ақша-несие стратегиясын жүзеге асыру аясындағы жұмысты жалғастырылатын болады. Ол ақша-несие саясатының негіздерін нығайтуды, қаржы нарығын дамытуды және жалпы макроэкономикалық саясатты күшейтуді айқындайды. Монетарлық негіздерді нығайту, қаржы нарығын дамыту және жалпы макроэкономикалық саясатты күшейту шаралары қамтылған", – деді Ғалымжан Пірматов.
Сонымен қатар, икемді бағам саясаты жалғасады. Яғни, Ұлттық Банк валюта нарығының тиімділігін арттыруға, экономикадағы теңгерімсіздіктердің жинақталуына жол бермеуге және халықаралық резервтерді сақтауға ықпал ететін шараларды жалғастырмақ.
"Мемлекеттік қарыз нарығын дамытудың қазіргі басым бағыттарының бірі – қайталама нарықтың өтімділігін арттыру. Ұлттық Банктің бастамалары мемлекеттік облигациялардың өтімділігін арттыруға және мемлекеттік бағалы қағаздарды халықаралық индекстерге қосуға, нарықтық баға белгілеуді жетілдіруге және жалпы нарықтағы бәсекелестікті арттыруға бағытталатын болады", – деді Ұлттық банк төрағасы..