Ұлттық банктің халықаралық резерві 3,9%-ға төмендеді

650

Бұған доллардың қымбаттап, алтынның арзандауы себеп болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық банктің дерегіне сілтеме жасап. 

Ұлттық банктің халықаралық резерві 3,9%-ға төмендеді

Қазір қаржы реттеушісінің халықаралық резерві 35 млрд долларды құрап отыр. 

"Алтын портфелінің бір бөлігін бағаның күрт төмендеуінен хеджирлеу үшін Ұлттық банк бұрын жасаған опциондарды орындау аясында алтынды 1,5 млрд долларға сатты. Опциондық стратегиялар аясында аллокирленбеген алтынды сату есебінен еркін конвертацияланатын валютадағы активтер өсті. Ұлттық қордың 57,3 млрд АҚШ доллары көлеміндегі активін қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резерві 2021 жылғы маусымның соңында 92,4 млрд долларды құрады", – деп нақтылады қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі. 

Белгілі болғандай, ақша базасы маусым айындда 0,5%-ға тарылып, 10 270,1 млрд теңге болды. Екінші деңгейлі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы  6 297,0 млрд теңгеге жетті. 

Ақша массасы 2,6%-ға ұлғайып, 28 161,7 млрд теңгені құрады. Ал қолма-қол ақша айналымы 3 027,2 млрд теңгеге өсті. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу