Ұлттық банктің Нұр-Сұлтанға қашан көшірілетіні белгілі болды

790

Алматыда оның бөлімшесі қалады.

Ұлттық банктің Нұр-Сұлтанға қашан көшірілетіні белгілі болды

Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға 2020 жылдың көктемінде көшеді. Бұл туралы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. 

"Ұлттық банк дайындық деңгейіне байланысты көшеді. Бастапқыда жалға алу бойынша, кейін жеке ғимарат саламыз. Жалпы Ұлттық банк 2020 жылдың көктемінде астанамыз Нұр-Сұлтанға көшеді деп жоспарлап отырмыз",- деді Ерболат Досаев. 

Сонымен қатар оның сөзінше реттеушіні көшіру туралы шешім шығарылып қойған. 
"Менің ойымша еліміздің қаржылық секторында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Ұлттық банктің артынан елордаға ешкім хедкортерлерін көшірмейді. Бұл қалыпты жағдай. Өйткені Алматы қаржылық орталығымыз болып қала бермек",- деді Ұлттық банк басшысы. 

Сонымен қатар Ерболат Досаев Алматыда Ұлттық банктің бөлімшесі болатынын ескертті. Оның пікірінше, бұл қаржылық қоғамдастық пен 2020 жылы қаңтар айында жұмыс істей бастайтын қаржылық нарықты реттеу мен дамыту агенттімен "жақсы коммуникация" қалыптастыру үшін қажет. 

"Қаржылық тұрақтылық бойынша барлық жұмыстар Алматыда жүргізіледі деп жоспарлануда",- деді Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу