Бүгіннен бастап 24 наурызға дейін Ұлттық банктің сайтында техникалық жұмыс жүргізіледі. Осыған байланысты сайттың жұмысы уақытша тоқтайды.
Осыған орай Ұлттық банк таратқан хабарламада: "19 наурыз күні Астана уақытымен сағат 13:00-ден 24 наурыз таңғы сағат 08:00-ге дейін жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты ҚР Ұлттық Банкі http://nationalbank.kz сайтына кіру уақытша мүмкін болмайды", - деп жазылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу