Ұлттық Банктің штат саны қысқартылды

567

Мемлекет басшысы тисті Жарлыққа қол қойды. 

Ұлттық Банктің штат саны қысқартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Жарлыққа өзгерістер енгізу туралы құжатқа қол қойды. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Жарлыққа сәйкес, штат саны 400-ден астам бірлікке қысқарды.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын, оның филиалдарын және өкілдіктерін қоса алғанда жалпы штат саны 2 161 адам болып бекітілсін", – деп жазылған құжатта. 

Осыған дейін Ұлттық Банктің штат саны 2 587 бірлікті құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу