Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 90,8 млрд АҚШ долларын құрады

2022 жылдың желтоқсан айында Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 3,1%-ға ұлғайып, 35,1 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы inbusiness.kz ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері  90,8 млрд АҚШ долларын құрады Фото: dknews.kz

ҰБ жариялаған 2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы туралы есепте айтылғандай резервтердің өсуіне активтердің валюталық бөлігінің ұлғаюы ықпал еткен. 

Желтоқсанның соңында Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (55,7 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 90,8 млрд АҚШ долларын құрады.

Ал ақша массасы 34 295,9 млрд теңгені құрап, 4,7%-ға ұлғайды, айналымдағы қолма-қол ақша 3,4%-ға ұлғайды. Бұған басты себеп - жеке тұлғаларды кредиттеу ақша массасының өсуіне негізгі фактор болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу