Біліктілікті арттыру сынағына мұғалімдер шетінен тыйым салынған заттарды алып кіріп, ұялмай қолданып жатыр. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов фейсбуктегі парақшасында осындай мәлімдеме жасап, тәркіленген бірсыпыра заттың фотосын қоса жариялады, деп хабарлайды Atameken Business.
Постта 2021 жылғы аттестациялаудың алғашқы кезеңіндегі 19 күннің өзінде 349 ереже бұзу фактісі тіркелгені жазылған. Былтыр бұл көрсеткіш 1200 шамасында болған. Біліміне емес, айласына сенетін ұстаздардың шпаргалка қолдану әдісі де технкалық жағынан жетіле түсіпті. Яғни, қазір алыстан дыбыс таратын микрофондар, микро-құлаққаптар пайдаланылуда.