Ұлттық білім беру деректер қоры кезең-кезеңімен жұртшылыққа жария етілмек

997

Білім беру статистикасын белгілі бір параметрлер бойынша кез-келген адам пайдалана алатын болады.  

Ұлттық білім беру деректер қоры кезең-кезеңімен жұртшылыққа жария етілмек Фото: pavlodarnews.kz

Бұдан бұрын білім саласы қызметкерлері ғана білім беру статистикасын пайдаланса, енді оған жұртшылық, сарапшылар, зерттеушілер, әкімдіктер және басқа да мемлекеттік органдар бірте-бірте және әртүрлі дәрежеде қол жеткізе алатын болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов телеграмм арнасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ондағы мақсат - білім беру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету.

Министрдің дерегінше, жүйеде мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру деңгейіндегі барлық статистика мен білім саласындағы ақпарат бар. Дәлірек айтқанда, оқушылардың алған бағалары мен жетістіктері, мұғалімдердің біліктілігі, мектептердің, колледждердің, балабақшалардың материалдық-техникалық қоры және т.б.

"Қазіргі уақытта білім беру статистикасын жинау тетігін толығымен қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны негізінен электронды журналдар жүйесінен алынатын бағаларды қоспағанда, ҰБДҚ-да әрбір білім беру ұйымына жауапты тұлғалардың өздері тікелей енгізетін. Енді қазір бухгалтерия, электронды құжат айналымы және электронды кадр, электронды аттестация және басқа да жүйелерден барлық негізгі ақпаратты автоматты түрде жинау шаралары жүргізіліп жатыр. Яғни барлық ақпарат автоматты түрде деректер қорына түседі", - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Ендігі жерде белгілі бір параметрлер бойынша кез келген адам статистикалық деректерді бақылай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу