Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде қандай жаңа тетіктер қолданылады?

1086

Талапкердің сынақ тапсыру барысын қадағалау үшін 2 камера орнатылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы брифингте мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz. 

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде қандай жаңа тетіктер қолданылады?

"Ұлттық бірыңғай тестілеуді биыл да электронды форматта өткізуіміз қажет. Ашықтықты, әділдікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Биыл жаңа тетіктер де енгізіледі. Оның ішінде қосымша камера болады. Яғни енді 1 камера емес, бір тест тапсырушыға 2 камерадан қойылады. Бір камера талапкердің тест тапсыру барысын қадағаласа, екіншісі сол адамның өзі отырған-отырмағанын белгіленген уақыттың ішінде суретке түсіріп, тіркейді. Тестілеудің басынан аяғына дейін басқа адам емес, тесті тапсырушының өзі отырғанын бақылайды. Fist Id функциясы бар арнаулы камера болады. Сондықтан осы жоспарларды тиісті деңгейде орындау қажет", – деді министр аппарат отырысында.

Биыл алғашқы сынақ ақпан айының соңына дейін өтеді. Бұл міндетті грантты алуға бағытталған тест емес. Бірақ оның сертификаты жоғары оқу орындарына ақылы түрде түсу үшін жарамды. 

"Мұны кейбір азаматтарымыз дайындық ретінде қарайды. Басқалары жоғары оқу орындарына ақылы түрде түсу үшін таңдайды, оған сертификаты жарамды. Қалай десек те, бұл тестілеу түлектеріміз үшін маңызды", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу