Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі

1667

Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі

Яғни бұрынғыдай әр оқушыға тест кітапшасы таратылмайды. Оны дербес компьютер алмастырады. Сондай-ақ, емтихан енді белгілі бүр күнге белгіленбейді. Әр талапкер тестті өзіне ыңғайлы күнде тапсыра алады. Сол үшін тестілеу 3 айға жалғасатын болады. Бұған қоса мемлекеттік грантты ұтып алу үшін енді екі мүмкіндік беріледі. Сынаққа екінші мәрте қатысу ақылы не тегін болары әлі белгісіз. Белгілісі бұл сын наурыз бен маусым аралығында өтеді.

Сонымен қатар, ҰБТ тапсырушылар үшін биылдан бастап екі түрлі уақыт бақылауы болады. Мәселен, тесттен жаратылыстану және математикалық бағыт бойынша өтетіндерге 4 сағат, ал гуманитарлық бағыттар бойынша тапсыратындарға 3 сағат 45 минут бөлінеді. Тестілеуді ақыла негізде тапсмырамын деушілер үшін қыркүйекке дейін уақыт бар. Емтиханды қабылдау үшін еліміз бойынша 56 орталық жұмыс істемек. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың айтуынша, жаңа формат баршаға тиімді, әрі бюжет үшін де арзанға түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу