Ұлттық бірыңғай тестілеудің бес күндік қорытындысы жарияланды

831

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бес күндік қорытындысы жарияланды

Көрсетілген мерзімде түлектердің 96%-ы сынақ тапсырып үлгерді. Олардың 85% 50-ден жоғары балл жинады. Ал 15%-ы жоғары оқу орнына түсе алмайтын болды.

140 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген әзірге тек бір оқушы бар. Ол Алматы қаласындағы №123 мектеп-гимназиясының түлегі Шиара Құдайбергенова.

Республикалық аппеляциялық комиссияның қарауына 566 шағым келіп түсті. 8 түлек ҰБТ шартын бұзғаны үшін сынақтан шеттетілді. 

Ұлттық біріңғай тестілеу 1 маусымға дейін жалғасады.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу