banner

Ұлттық бюро жемқорлардың тізімін жариялайтын болды

1301

Осы бастаманы көтерген Transparency Kazakhstan қоры осындай ақпаратпен бөлісті.

Ұлттық бюро жемқорлардың тізімін жариялайтын болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро жемқорлардың тізімін ашық түрде жариялайтын болды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Қордың сауалына жауап берген агенттік өлілдері парақорлардың "қара тізімі" азаматтық бақылауды күшейтіп, қоғамның мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыратынын мойындаған. Тіпті, ұсыныс президент әкімшілігінің қарауына жіберіліпті.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, әуел баста Ұлттық бюро бұл бастамадан бас тартқан еді. Олар түйені түгімен, биені бүгімен жұтқандарды жұрт алдында ашық жариялау құлқыны кең азаматтардың туыс-туғанына психологиялық қысым жасайды дегенді алға тартты. Агенттіктегілер сот үкімінің өзі парақорларды сабасына түсіреді деп мәлімдеме жасаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу