Кездесу барысында шаруа қожалықтарының өкілдері ірі қара мал импортына ҚҚС (қосылған құн салығы) мәселесін қарауды сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Олардың айтуынша, ірі қара малды елге кіргізгенде белгілі бір соманы алдын-ала төлеу қажет. Бұл қаражат екі айдан кейін, яғни есепке қойылған соң қайтарылады.
"Біз бизнес үшін салық төлеу процесін жеңілдетуді қолдаймыз. Мемлекеттік кірістер комитетінің басқа міндеттері бар және бұл бюджетті уақытша толықтыру деп түсіну керек. Игеру мерзімі және басқа мәселелер бойынша ВАК-қа (ведомствоаралық комиссия) ұсыныс енгізетін боламыз", - деді министр.
Сондай-ақ, кәсіпкерлер қорық аймақтарына кіретін жеке тұлғалар мен көлік құралдарына арналған ережелерді қайта қарау мәселесін көтерді.
Ә.Қуантыров арнайы машиналар алымдар мен төлемдерден босатылғанын, ал курорттық аймақтарда тұратын халыққа қатысты мәселе тиісті мемлекеттік органдармен пысықталатынын атап өтті.
Кәсіпкерлер министрден жаңа тұрғын үй бағдарламаларының іске қосылуы жайында сұрады.
"Жеңілдікті бағдарламалар іске қосылған кезде жаппай құрылыс байқалады. Бағалар өскендіктен азаматтардың сатып алу қабілеті төмендейді. Нарық қазірдің өзінде 7-20-25-ке бейімделді әрі бұл жалғасын табады деп есептеймін. Аталмыш бағдарлама шынымен мұқтаж жандарға бағытталуы қажет. Инфляция төмендеп, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені азайтып жатыр, тұрғын үй нарығы қалыпқа келуі керек", - деп атап өтті ҰЭМ басшысы.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер субсидия алатын екінші деңгейлі банктердің шарттарына шағымданды. Бұдан бөлек олар жұмыс істемейтін кәсіпорындарды анықтап, жауапты жер пайдаланушыларына ғана субсидия беру үшін бірыңғай аграрлық салықты енгізу мәселесін қарастыруды сұрады.
Барлық мәселе жан-жақты зерделеніп, қаралатын болады.