Ұлттық экономика министрі Гонконгтың Қаржы министрімен кездесті

481

Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

 Ұлттық экономика министрі Гонконгтың Қаржы министрімен кездесті Фото: Ұлттық экономика министрлігі

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Гонконгтың Қаржы министрі Пол Чан Мо-помен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кездесуге Гонконгтың Сауда және экономикалық даму хатшысы Алджернон Яу қатысты. Қазақстанның ҚХР-мен, оның ішінде Гонконгпен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар агроөнеркәсіптік кешен және электрондық сауда сияқты салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды қарастырды. Бүгінде электрондық сауда бойынша Гонконг ірі нарық болып табылады.

Сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық әлеуеті туралы сөз қозғалды. Тараптар инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы Келісімнің жобасын әрі қарай жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар Гонконг тарапы коронавирус пандемиясына дейін "Air Astana" авиакомпаниясының Қазақстан мен Гонконг арасын байланыстырған тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін көтерді.

Бұнымен қоса, ҚР Ұлттық экономика министрі Давостағы "Экономика – сын-қатерлер" атты бизнес-пікірталасқа қатысты. Іс-шараға Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнаму, ХВҚ (Халықаралық Валюта Қоры) басқарушы директорының бірінші орынбасары Гита Гопинат, Гарвард бизнес мектебінің "Бизнес, үкімет және әлемдік экономика" кафедрасының профессоры Лаура Альфаро, Стэнфорд университетінің цифрлық экономика зертханасының директоры, профессор Эрик Бриньольфссон қатысты.

Қатысушылар қазіргі жағдайдағы жаһандық күн тәртібін талқылады. Олар өз кезегінде елдердің және жасанды интеллект пен "жасыл" экономиканың дамуына әсер ететін түрлі оқиғаларды болжау бөлігінде эконометрикалық модельдерді жетілдіру жөнінде пікір алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу