Ұлттық экономика министрі: көтерілген тариф есебінен жалақы өседі

502

Биыл тариф көтерілсе, соның есебінен энерго-өндіру саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі.

Ұлттық экономика министрі: көтерілген тариф есебінен жалақы өседі Фото: Ашық дереккөзден

Бұл жайында Мәжілістің жалпы отырысында ұлттық экономика министрі мәлімдеді. Әлібек Қуантыров "қызметкерлердің айлық табысын 300 мың теңгеге көтеру жоспарлануда" дейді.

Ведомство басшысының сөзінше, бұл көрсетілетін қызметтің сапасы мен саладағы маман тапшылығы мәселесін шешуге сеп болады. Ал, жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова былтыр жылу беру орталықтары қызметкерлерінің орта жалақысы 268 мың теңге болғанын айтады. Бұл еліміздегі орташа айлыққа да жетпейді.

"Жылу, энергетика, суды жабдықтау салаларында төмен жалақы үлкен проблемма болған. Неге десеңіз тарифтерді өзгерту мүмкін болмады. Бес жылға арналған инвестициялық бағдарлама бекітілген болатын. Былтыр біз Парлементпен бірге тиісті өзгерістер енгіздік. Қазіргі таңда табиғи монополияларды реттеу агенттігінен 79 өтініш келіп түсті. Енді қазір сол өтініштер қаралуда", - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу