Кездесу барысында Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім жобасын іске асыру барысы талқыланды.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров атап өткендей, Қордың жұмысын тезірек іске қосу Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.
Кездесу нәтижесінде екі тарап негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға келісті.
Айта кетейік, 2022 жылдың қараша айында Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Түркі инвестициялық қорын құру туралы арнайы шешім қабылданып, Бағдад Әміреев Қордың президенті болып тағайындалған еді.