Ұлттық экономика министрлігі дағдарысқа қарсы шаралар жоспарын әзірледі

1312

Жоспар 2022 жылға арналған. 

Ұлттық экономика министрлігі дағдарысқа қарсы шаралар жоспарын әзірледі

Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар бойынша 5 іс-шара жүзеге асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"Әлеуметтік-экономикалық дамуға әсері бар тәуекелдерді реттеу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022 жылға арналған дағдарысқа қарсы шаралар жоспары әзірленді. Оны іске асыру геосаяси ахуалдың шиеленісуінің салдарын реттеуге және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляцияны бақылау және төмендету, сыртқы сауда қызметін қолдау және ынталандыру, экономика салаларын қолдау және инвестицияларды тарту бағыттары бойынша жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді", – деді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу