Ұлттық экономика министрлігі жедел жауап береді, бірақ сапалы емес

780

Елдегі 18 министрліктің ішінде, ranking.kz сайтының зерттеуіне үңілсек, Ұлттық экономика министрлігі тиімді жұмыс іcтейді. 4 сәуірдегі мәліметке қарағанда, келіп түскен өтініштің 99.9 пайызына (18,9 мыңнан астам өтініш) жауап берген, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігі жедел жауап береді, бірақ сапалы емес

Екінші, үшінші орындарда Ішкі істер министрлігі мен Энергетика министрлігі. Көрсеткіштері: 99,7 пайыз, 99,6 пайыз.

Көш соңында – Білім және ғылым министрлігі. Барлық сауалдың 81,9 пайызына (42 мың сұрақтың 34,4 мыңы) жауап берген.

Аутсайдер үштігінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (94,6%) мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (95,2%) бар.

Халыққа жауаптың сапасы маңызды. Мысалы, Ұлттық экономика министрлігі жедел жауап беретініне қарамастан, халықтың разылығын алу жағынан төртінші орынға түсіп отыр.

Ескерту. Бұл тізім сапа мен жылдамдық туралы жауаптардың айырмасын есептеу арқылы жасалған.

Бұл критерийге келгенде Сыртқы істер министрлігі бірінші орында. Ел ведомство жауаптарының 29,3 пайызына риза емес. Бұл – азаматтар бағалаған 147 жауаптың 43-і. 

Екінші орынды Төтенше жағдайлар министрлігі алды. Мұнда халық жауаптың 29,6 пайызына қанағаттанбайтынын білдірген. 

Жауап беруге асықпайтын Білім және ғылым министрлігі сапаға келгенде үшінші орынға шықты, ел 30,1 пайыз жауабына риза емес. 

Ең төменгі сатыда – Денсаулық сақтау министрлігі. Берген жауаптарына азаматтарлың қанағаттанбау деңгейі 40,7 пайыз. 1,6 мың өтініштің 663-іне лайық жауап бермеген. 

Аутсайдер үштігінде тағы да Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (38,6%) мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (38,5%) қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу