"Мемлекет басшысының Өкімімен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды", – делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Ал бұл қызметті атқарып келген Алпысбай Рахметоллаұлы Ахметов мемлекет басшысының Өкімімен босатылды.
Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2002 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. Ал 2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында – ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі. 2012 жылғы 1 ақпаннан бастап – Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі).
2016 жылдың 28 желтоқсанынан бастап Ұлттық экономика министрі болды.