Құжат алты айдан артық бос тұрған штат бірлігін қысқартуды және сонымен қатар еңбекақы төлеу қорын түзетуді көздейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бұл нормалар бірінші басшы, маусымдық қызметкер, ядролық физика, жоғары технологиялық жабдықтар бойынша немесе сирек кездесетін инженерлік маман сияқты, онсыз ұйымның жұмыс істеуі мүмкін емес бірегей өндірістік және жоғары мамандандырылған қызметкердің лауазымына, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын сақтау жағдайында қолданылмайды", – делінген хабарламада.
Өзгерістер кезінде ұйымдардың даму жоспарына түзету енгізу тәртібі белгіленді.
Нақтыланған жоспарды қарау мен бекіту 25 маусым мен 25 желтоқсаннан кешіктірілмей жүзеге асырылады.