Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров қызметінен босатылды

427

Ол ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров қызметінен босатылды Фото: gov.kz

Ұлттық экономика министрлігі тергеуге алынған Ілияс Өсеровті қызметінен босатты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Ілияс Өсеров Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне өткен жылы наурызда тағайындалды.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау, Сауда және экономикалық даму министрлігінде, Алматы қалалық әкімдігінде түрлі қызмет атқарды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу