Ұлттық экономика вице-министрі Президент әкімшілігіне ауысты

554

 Бұл туралы Мемлекет басшысының сайтында жарияланған. 

Ұлттық экономика вице-министрі Президент әкімшілігіне ауысты

Құжатта "Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", –деп жазылған.

Бұл қызметте Такиев Мақсат Мұхановтың орнына келді.

42 жастағы Мәди Такиев Қаржы министрлігінің салық комитетінде, ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінде, сондай-ақ премьер-министрдің кеңсесінде жұмыс істеді. 2019 жылдың наурыз айынан бастап ол Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу