Ұлттық экономикада іскерлік белсенділік қалпына келді

578

Алайда алтыншы ай қатарынан индекс теріс аймақта қалып отыр. Ал бизнес-ахуал индексі ұлғайды.  

Ұлттық экономикада іскерлік белсенділік қалпына келді Фото: nationalbank.kz

Бұл туралы Ұлттық банк ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесіне сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды. 
Ұлттық банк дерегінше, қазан айында экономикада іскерлік белсенділіктің қалпына келу процесі жалғасты. Дегенмен бұрынғысынша алтыншы ай қатарынан индекс теріс аймақта қалып отыр.

"Іскерлік белсенділік индексі жекелеген секторларда жаңа тапсырыстар көлемі мен жұмыспен қамту деңгейінің ұлғаюы есебінен 49,1-ге дейін (қыркүйекте – 48,2) көтерілді", – делінген хабарамада.


Іскерлік белсенділіктің қалпына келуі барлық секторда байқалған. Көрсеткіш тек өндірісте 48,5 болып, шамамен, өткен айдың деңгейінде қалды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде іскерлік белсенділік индексі қыркүйектегі 48,0-ден 50,0 белгісіне дейін көтерілді. Көрсеткіш 50-ден төмен болғанына қарамастан, қызмет көрсету және құрылыс секторында индекстің тиісінше қыркүйекте 48,3-тен және 46,3-тен 49,2 және 47,5-ке дейін жақсарды.


"2022 жылғы қазанда ағымдағы бизнес-жағдайларды бағалау соңғы 5 айда алғаш рет оң қалыптасты. Алдағы 6 айға арналған болашақ бизнес-жағдайларды бағалау да жақсара түскен. Нәтижесінде бүгінгі және келешектегі бизнес-жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі ұлғайды", – делінген хабарламада. 


Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, дайын өнімге деген сұраныс жақсарды. Теріс жауаптардың біршама басым болуына қарамастан, бизнесті қорғау мәселелерін бағалау аздап жақсарған. Дегенмен салықтық жүктеме және қаржыға/кредиттерге қол жеткізу барысын бағалау теріс күйінде қалып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу