Ұлттық экономикаға 28 млрд доллар тікелей шетел инвестициясын тарту қажет

816

Шикізаттық емес экспорт көлемі 3 млрд долларға жеткізіледі.  

Ұлттық экономикаға 28 млрд доллар тікелей шетел инвестициясын тарту қажет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары-қаржы министрі Әлихан Смайылов биыл экономиканың 4,7-5% деңгейінде сапалы өсуін қамтамасыз ету үшін негізгі капиталға салынатын инвестицияны жалпы ішкі өнімнің 
20% деңгейінде қамтамасыз ету қажет болатынын айтты. 

"Мақсатқа жету үшін кем дегенде 28 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартуға тиіспіз", – деді министр.

Әлихан Смайылов бүгінге дейін инвестициялық жобалардың пулы анықталғанын айта келіп, құны 44 трлн теңгені құрайтын 2033 жоба бар екенін еске салды. 

"Инвестициялардың сапасына көңіл аудару қажет. Ұлттық экономика министрлігі ай сайын осы мәселеге мониторинг жүргізіп, тоқсан сайын үкімет отырысына шығаруы тиіс. 2020 жылы шикізаттық емес экспорт көлемін 3 млрд долларға ұлғайту және 18,6 млрд долларға дейін жеткізу қажет. Ол үшін сауда және интеграция министрлігі мемлекеттік органдармен және "Атамекен" палатасымен бірлесіп, әр өңірдегі проблемаларды талдап, мемлекеттік қолдау шараларын өзектендіруі қажет. Мұның барлығы 2025 жылға дейінгі сауда саясаты бағдарламасын дайындауда ескерілуі тиіс. Бұл жұмысқа Қазақстанның шетелдегі елшіліктері белсенді түрде тартылуы керек", – деді Әлихан Смайылов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу