Ұлттық экспорттық стратегия туралы баяндады

1303

Ұлттық экспорттық стратегия туралы баяндады

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен Мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына жолдауын орындау бойынша ведомство алқасы өтті.  

Министрліктің  баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, іс-шара аясында вице-министрлер бюджеттік заңнаманы жетілдіру, салық саясаты және мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту саласындағы, сондай-ақ, бизнес-ортаны жақсарту мен кеңейту және Ұлттық экспорттық стратегия бойынша жұмыстар туралы баяндады.

Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов МЖӘ жобаларын жоспарлау рәсімдеулерін жеңілдету үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, "Бағдарламалық МЖӘ" енгізу көзделуде. "Жеке әріптесті іріктеу мен  МЖӘ жобаларын жүзеге асырудың барлық рәсімдеулері әрбір сала үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда жеңілдетілген түрде қосымша сараптауларсыз тіркелетін болады", - деді Руслан Дәленов. Ол сондай-ақ, жаңа Салық кодексінің қазіргіден басты айырмашылығы мәтіннің жеңіл тілмен жазылуы, көлеңкелі экономикамен күрес жөніндегі шаралар, жеңілдіктер мен уәждеме арқылы қарапайым әкімшілендіру болатындығын атап өтті. Руслан Дәленовтің айтуынша, құжатты тамызда Парламентке енгізу жоспарланған.

Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин бизнесті мемлекет тарапынан жөнсіз реттеуді қысқарту алты басты бағыт бойынша жоспарланып жатқанын баяндады. Оның ішінде, қысқарту мен оңтайландыру мақсатымен бақылау мен қадағалау саласын тексеру жүргізілетін болады. Квазимемлекеттік сала монополистері мен субъектілері беретін ақпараттық құралдар мен рұқсаттарды реформалау қарастырылды, "өзін өзі реттеу" институтын дамыту мен бәсекелестікке кедергі болатын нормаларды анықтайтын тексеріс жоспарлануда, сондай-ақ, бизнес үшін шығындардың барлық түрін жаппай азайту қарастырылды.

Ұлттық экономика вице-министрі Ернар Бәкенов атап өткендей, ведомство Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу мен қабылдау жөніндегі жұмыстарды жуық арада жүргізетін болады.

Ведомство басшысы алқа отырысын қорытындылай келіп, министрліктің алдына Қазақстан экономикасын дамытудың табысты шешілуіне ықпал ететін маңызды тапсырмалар қойылғанын атап өтті.

"Бізге зор үміт артылып отыр, біздің алдымызға қойылған міндеттерді бірлесіп шешетінімізге сенемін", - деді Тимур Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу