Ұлттық газ ISE-де еврооблигацияларды сәтті орналастырды

788

Ұлттық газ ISE-де еврооблигацияларды сәтті орналастырды

"ҚазТрансГаз" АҚ Ирландия қор биржасында (ISE) және Қазақстандық Қор биржасында листинг жүргізу арқылы жалпы номиналды көлемі $750 млн АҚШ долларымен номиналданған 10 жылдық айналым мерзімдік еврооблигацияларды сәтті орналастырды, деп хабарлайды .  

Мәміле "ҚазТрансГаз" АҚ-ның қазақстандық және халықаралық капиталдың қарыздық нарығындағы дебюты болды. Инвесторлар осы орналастыруға үлкен қызығушылық танытты, жаһандық өтінімдер кітабында ұсыныстар бірнеше есеге асып түсті;  орналастырудың шарықтау шегінде өтінімдер  $3,4 млрд деңгейіне жетті. Сонымен қатар орналастыру Қазақстандағы инвесторлардың да үлкен қызығушылығын туғызды, олар KASE-де жарияланған сауда-саттық шеңберінде $100 миллионнан астам сомаға еурооблигациялар сатып алуға өтінімдер берді.  

Мәміле барысында кіріс бағдары (YTM) 4,7% бастапқы жарияланған деңгейден 4,5-4,6% диапазонға дейін, содан соң 4,4% деңгейге дейін төмендеді және орналастырудың қорытынды мөлшерлемесі осы болды. Салыстырмалы алғанда, ағымдағы жылғы наурызда ресейлік "Газпром" ЖАҚ $750 млн  АҚШ доллары көлеміндегі 10-жылдық еврооблигацияларын 4,95% кіріс мөлшерлемесі бойынша орналастырды, бұл "ҚазТрансГаз" АҚ дебюттік орналастыруы мөлшерлемесінен 55 bps (базистік пунктке) артық.

Жалпы "ҚазТрансГаз" АҚ өз еурооблигацияларын  іс жүзінде өзінің бас компаниясы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның нарықтық табыстылық деңгейінде  орналастырды. Бұл капиталдың халықаралық нарығында қолайлы шарттармен ұзақ мерзімді міндеттемелерді орналастыру үшін уақыттың дұрыс таңдалғанын білдіреді. 

Осы шығарылым 2017 жылғы Қазақстандық құнды қағаздар орналастырылымы ішіндегі екінші табысты еурооблигация болды. Бұдан бұрын "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ағымдағы жылдың сәуір айында табысты орналастыруды жүргізді.

Citigroup Global Markets Limited, ING Bank N.V., London Branch, VTB Capital plc бірлескен жетекші менеджерлер мен бірлескен букраннерлер ретінде; және "SkyBridge Invest" АҚ – KASE қазақстандық жетекші менеджер ретінде қатысты. Орналастырудан түсетін қаражатты компания бридж-қаржыландыруға және жалпы корпоративтік мақсаттарға жұмсауды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу