Ұлттық геологиялық қызмет "бірыңғай терезе" қағидатымен жұмыс істейді

600

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ұлттық геологиялық қызмет құрылатынын мәлімдеді. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды, хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық геологиялық қызмет "бірыңғай терезе" қағидатымен жұмыс істейді

"Қазақстан бірегей минералды шикізат базасына ие. Бүгінгі таңда минералды шикізат базасы дамыған елдер геология мен жер қойнауын пайдалануға инвестиция тарту үшін жағдай жасауда. Инвестиция тартудың негізі деп жоғары сапалы геологиялық ақпаратты айтамыз. Осыған байланысты Ұлттық геологиялық қызметі құрылады", – деді Мағзұм Мырзағалиев. 

Министрдің сөзінше, Ұлттық геологиялық қызмет "бірыңғай терезе" қағидаты негізінде жұмыс істейді. Осылайша инвестор заманауи форматтағы жер қойнауының 3 өлшемді моделі құрылған сапалы ақпаратпен қамтамасыз етіледі және іргелі, қолданбалы ғылым мен өндіріс күшін біріктіруге мүмкіндік алады. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу