Шараның басты мақсаты – ғалымдарға серпін беру, ғылым мәселелерін анықтап, ғылымды дамыту мәселесі талқыланады.
Басқосу Astana IT University және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде өтеді. Алғашқысында энергетика және машина жасау, Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар, Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы зерттеулер тақырыбы талғыға түседі.
ҚазАЗУ-де агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі, Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология, Жаратылыстану ғылымы саласындағы ғылыми зерттеулер жайы айтылады.
Айта кетейік, жұмыс тобы бұған дейін Алматы қаласында бас қосқан еді. Жұмыс тобы жас ғалымдар үшін ұсыныс білдіретін, кері байланыс орнататын алаңға айналып отыр.