Ұлттық ғылым академиясы қайта құрылады

499

Үкіметтің 2022 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Ұлттық ғылым академиясы қайта құрылады Фото: inbusiness.kz

Құжатта көрсетілгендей, комиссияға Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жетекшілік етеді. Оның орынбасары болып Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бекітілсе, комиссия хатшысының қызметін Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки атқармақ.

Сонымен қатар мемлекеттік комиссия құрамында:

- Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева;

- Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков;

- Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин;

- Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов және ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттарының академиктері мен ректорлары бар.

Еске салайық, Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына орай ұйымдастырылған сессияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев академия мәртебесін көтеруді тапсырған болатын.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу